Түлектерге қолдау: Ресурстық орталық аудан оқушыларына арналған сабақтар өткізуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

А. Байтұрсынұлы атындағы орта мектептің Ресурстық орталығында ауданның шағын жинақты мектептерінің 11-сынып оқушыларына арналған сабақтар басталды. Жоба жоғары сынып оқушыларына бітіру емтихандарына дайындалу кезеңінде және болашақ кәсіптік жолын таңдауда қолдау көрсетуге бағытталған.

Орталық жұмысы аясында оқушылар үшін топтық сабақтар ұйымдастырылып, онда емтиханға дайындық, кәсіби өзін-өзі анықтау, өзін таныстыру және тиімді қарым-қатынас дағдыларын дамыту мәселелері қарастырылады.

Сонымен қатар әрбір оқушы мамандардан жеке кеңес алу мүмкіндігіне ие. Жеке консультациялар оқушыларға білім беру мақсаттарын айқындауға, өздерінің күшті жақтарын анықтауға, алаңдаушылық деңгейін төмендетуге және емтихандар мен оқуға түсуге дайындықтың жеке жоспарын құруға көмектеседі.

Бұдан бөлек, орталықта психология бойынша практикалық курс өткізіледі. Оқушылар өзін-өзі реттеу, күйзелісті басқару, өзіне сенімділікті дамыту тәсілдерін меңгеріп, саналы шешім қабылдауға және уақытты тиімді жоспарлауға үйренеді.

Ресурстық орталықтың жұмысы мектеп түлектерінің емтиханға сапалы дайындалуына және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектеседі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uspen-bilim/press/news/details/1175758?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version