🔹 «Аяулы анашым» атты әдеби-сазды кеш 🌸

Жарияланды:

Автор:

категорияда

8 наурыз аналар мерекесіне орай Алмалы ауылдық кітапханашылары мен мәдениет үйі қызметкерлері “Аяулы Анашым” атты әдеби сазды кеш өткізілді. Кеш басында кітапханашы ананың қоғамдағы орны, отбасы тәрбиесіндегі рөлі туралы тағылымды ой қозғап, қазақ халқының анаға деген құрметі жайында кеңінен тоқталды. Шара аясында “Аяулы Анашым” атты кітап көрмесі де безендірілді. Көрмеге ана тақырыбындағы көркем әдебиеттер, поэзиялық жинақтар мен тәрбиелік мәні бар кітаптар қойылды. Кітапханашы көрмеге шолу жасап, әр кітаптың мазмұны мен тәрбиелік маңызына тоқталды. Кеш барысында оқырмандар ана туралы өлеңдерді мәнерлеп оқып, өз аналарына арнаған жүрекжарды тілектерін білдірді. Сазды бөлімде ана жайлы әндер шырқалып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Шара соңында аналарға гүл шоқтары табысталып, естелік суретке түсумен аяқталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-baishegir/press/news/details/1176613?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version