2026 жылғы қаңтар–ақпан айлары аралығында дәрігерлер қаладағы 12 мектептің 9-сынып оқушыларымен ақпараттық-түсіндіру әңгімелерін өткізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шахтинск қаласының білім бөлімі мен Шахтинск қаласының ауруханасы арасындағы бірлескен жоспар аясында 2026 жылғы қаңтар–ақпан айлары аралығында дәрігерлер қаладағы 12 мектептің 9-сынып оқушыларымен ақпараттық-түсіндіру әңгімелерін өткізді.

Іс-шаралардың негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу, оқушылар арасында жеке гигиена мәдениетін қалыптастыру және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Кездесу барысында оқушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан толық жауап алды.

Іс-шараларға жалпы қамтылған оқушылар саны – 664.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shahtinsk/press/news/details/1176434?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version