8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі барша әйелдерді шын жүректен құттықтайды.
Бұл мереке – нәзіктік пен сұлулықтың, мейірім мен ізгіліктің, даналық пен еңбекқорлықтың символы. Қоғамның барлық саласында аянбай еңбек етіп жүрген әйелдердің еңбегі зор құрметке лайық. Сіздер отбасының берекесін арттырып, ұрпақ тәрбиесіне үлес қосып қана қоймай, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына да елеулі үлес қосып келесіздер.
Осы айтулы мереке күні сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс пен толағай жетістіктер тілейміз. Әрқашан жүздеріңізден күлкі кетпей, көктемнің шуағындай шаттық пен қуанышқа бөлене беріңіздер!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/trud-zhambyl/press/news/details/1176415?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version