Тоқжайлау ауылдық мәдениет үйінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік жиында ауылдың ардақты аналары мен еңбекқор әйелдері арнайы марапатталып, алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.
Іс-шара барысында тұрғындарға концерттік бағдарлама ұсынылып, әсем әндер айтылып, би қойылымдары көрсетілді. Ауыл тұрғындары мерекелік кешке белсенді қатысып, көтеріңкі көңіл күйде болды.
Мереке соңында әйелдер қауымына жылы лебіздер айтылып, олардың қоғамдағы еңбегі мен отбасыдағы рөлі ерекше атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-tokzhailau/press/news/details/1176278?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау