Әйелдердің мәртебесін нығайту және олардың құқықтық мүмкіндіктерін кеңейту мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыты ретінде қарастырылады.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әйелдердің мәртебесін нығайту және олардың құқықтық мүмкіндіктерін кеңейту мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі ретінде қарастырылады. Әйелдердің өз құқықтары туралы хабардарлығын арттыру және олардың толыққанды өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау қоғамның тұрақты дамуына ықпал ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады.

Әйелдер қоғамдық келісімді нығайтуда, қақтығыстардың алдын алуда және диалог мәдениетін дамытуда маңызды рөл атқарады. Олардың қоғамдық-саяси өмірге, бітімгерлік бастамаларға және шешім қабылдау үдерістеріне қатысуы басқарудың неғұрлым тұрақты әрі инклюзивті тетіктерін қалыптастыруға ықпал етеді. Осыған байланысты мемлекет әйелдердің көшбасшылық әлеуетін дамытуға қолдау көрсетіп, олардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді және биліктің әртүрлі деңгейлерінде олардың өкілдігін арттыруға жағдай жасайды.

Сонымен қатар, халықаралық міндеттемелерді орындауға ерекше мән беріледі. Атап айтқанда, Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның ережелері мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің әйелдердің бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөліне арналған қарарларын іске асыру маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Гендерлік теңдік қағидаттарын дәйекті түрде ілгерілету әлеуметтік тұрақтылықты нығайтып, орнықты дамуға ықпал етеді және адам құқықтарын қорғау саласында мемлекеттің халықаралық беделін арттыруға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-zhetysu-oblysy/press/news/details/1176246?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version