Бүгін Тараз қалалық мәдениет үйінде Тараз қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Әйелмен әлем әдемі» атты мерекелік іс-шара өтті.
Салтанатты кешке Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков арнайы қатысып, қаладағы нәзік жандыларды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ шараға зиялы қауым өкілдері, түрлі салада еңбек етіп жүрген ардақты аналар мен қыз-келіншектер қатысты.
Мерекелік кеш барысында қала өнерпаздары мен эстрада жұлдыздары сахна төрінде ән шырқап, әсем әуен мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ән мен жырға, ізгі тілек пен құрметке толы кеште нәзік жандыларға гүл шоқтары табысталып, мерекелік ықылас білдірілді.
Әйел-анаға деген құрмет пен алғысқа толы бұл кеш көрермендерге ерекше әсер сыйлап, көктем мерекесінің сәнін арттырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1176872?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау