ӘЛЕМНІҢ АСЫЛЫ – АНАЛАР

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Төлеби аудандық Мәдениет үйінде «Әлемнің асылы – Аналар» тақырыбында мерекелік жиын өтті.
Жиын барысында аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов ауданның ақ жаулықты аналары мен ардақты әжелерін, қыз-келіншектерін көктемнің ең шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.
 
Аудан басшысы өз сөзінде ана мейірімі мен әйелдің қамқорлығы қоғамның рухани тірегі екенін атап өтті. Өйткені ана тәрбиесі бар жерде – адамгершілік, ана мейірімі бар жерде – береке мен бірлік бар.
 
Құрметті аналар, ардақты арулар! Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін. Әр шаңырақта шаттық пен жылылық орнап, жүздеріңізден күлкі кетпесін. Еліміздің өсіп-өркендеуі жолындағы еңбектеріңіз әрдайым жоғары бағаланып, мерейлеріңіз үстем бола берсін. Көктемнің көркем мерекесі сіздерге қуаныш, бақыт және жаңа жетістіктер әкелсін. Мерекелеріңіз құтты болсын! – деп ізгі тілегін жеткізді аудан әкімі.
 
Салтанатты жиында аудан өнерпаздары аналарға арналған әсерлі әндерін тарту етіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, шара барысында аналарға құрмет көрсетіліп, гүл шоқтары табысталды.
 
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1176781?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version