Көктемнің шуақты мерекесі қарсаңында ұлттың ұйытқысы, отбасының берекесі саналатын ақ жаулықты аналарды құрметтеуге арналған «Ақ жаулықты аналар – ел мерейі» атты тағылымды кездесу кеші өтті.
Кездесуге гендерлік даму, отбасылық құндылықтар және демография мәселелерін ілгерілетіп жүрген әйелдер қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ жарты ғасырдан астам уақыт бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешіп келе жатқан «Алтын шаңырақ» иелері – ардақты аналар қатысты.
Кездесу соңында аудан әкімінің орынбасары Анар Ахметова ардақты аналардың иығына ақ жаулық жауып, құрмет көрсетіп, ізгі тілегін білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhualy/press/news/details/1176862?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау