Аудандық мәслихаттың кезекті алпыс бірінші сессиясы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

5 наурызда аудандық мәслихаттың кезекті алпыс бірінші сессиясы өтті. Оны Қордай ауданы мәслихатының төрағасы Садықов Нұрдің Есенгельдіұлы жүргізді. Депутаттардан басқа сессияға аудан әкімінің орынбасары Жұлдызбек Бақаев, аудан әкімдігі бөлімдерінің кейбір басшылары, ауылдық округтердің әкімдері, аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы қатысты.

Депутаттар 2025 – 2029 жылдарға арналған Жайылымдарды басқару және пайдалану жоспарын іске асыру барысы және мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскесін тартып алу туралы келісімшартты бекіту мәселелерін қарастырды, олар бойынша аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Ғабит Сейдекеш егжей-тегжейлі ақпарат берді.

Әрі қарай «24 желтоқсан 2025 жылғы №56-2 «Қордай ауданының ауылдық округтерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» Қордай аудандық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселесі бойынша егжей-тегжейлі баяндаманы аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Абдужалиева Светлана Жамалбайқызы ұсынды.

Қаралған барлық мәселелер бойынша сәйкес шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-korday/press/news/details/1176323?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version