Азаматтық қорғаныс күніне арналған «Құтқарушыларға алғыс» іс-шарасы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Азаматтық қорғаныс күніне орай «Құтқарушыларға алғыс» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараны Шу ауданы білім бөлімінің «Балалар мен жасөспірімдер туризмі және өлкетану орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ұйымдастырды. Кездесу барысында Шу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлеріне халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жауапты әрі жанқиярлық қызметі үшін алғыс білдірілді. Мерекелік бағдарлама аясында флешмоб ұйымдастырылып, оқушылар ән шырқап, би билеп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, мектеп оқушылары арасында өрт қауіпсіздігі тақырыбында танымдық байқаулар өткізілді. Қатысушылар өрт қауіпсіздігі ережелері мен төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеттер бойынша білімдерін көрсетті. Ең белсенді оқушылар марапатталды.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1176325?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version