Бүгін, 5 наурыз күні, Маңғыстау облысының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кеңес төрағасы Жүсіпов Бекмұрат Қыдырбайұлының төрағалығымен кеңес мүшелері Маңғыстау облысының полиция департаментіне барды.

Департамент басшысы Аяғанов Сағындық Күзембайұлының басқаруымен жедел басқару орталығының жұмысы таныстырылды. Сонымен қатар департаменттің арнайы техникасы, қару-жарақ арсеналы және қызметкерлердің материалдық-техникалық жабдықталу деңгейі көрсетілді. Қызметкерлердің кәсіби даярлығының жоғары екені атап өтілді.

Кеңес отырысында 2025 жылдың қорытындысы бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижелері айтылды.

Жиында полиция қызметінің негізгі көрсеткіштері сараланып, қылмыстың барлық санаттары бойынша төмендеу динамикасы бар екені атап өтілді. Атап айтқанда, аса ауыр, ауыр және орташа дәрежедегі қылмыстар саны азайған.

Сонымен қатар жасөспірімдермен жасалған құқық бұзушылықтар, отбасы-тұрмыстық саладағы қылмыстар және мас күйде жасалған құқық бұзушылықтар көрсеткіші де төмендегені баяндалды.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Облыс аумағында бейнебақылау жүйелері орнатылып, заманауи цифрлық құралдар енгізілген.

Сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру және түнгі уақытта ойын-сауық орындарында заң талаптарының сақталуын бақылау мәселелері кеңінен қозғалды.

Отырыста облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары, қалалық, аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағалары мен мәслихат төрағалары, Ақсақалдар және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Жиын барысында қоғамдық қауіпсіздікті нығайту мақсатында бірлескен жұмысты күшейту, тұрғындармен түсіндіру шараларын жандандыру және жергілікті деңгейде алдын алу жұмыстарын арттыру жөнінде ұсыныстар айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mangystau-oblysy/press/news/details/1176616?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version