2026 жылдың 2-6 наурыз аралығында азаматтарды жеке қабылдау кестесіне сәйкес қалалық мәслихат депутаттары Е.Базарбай, М.Есжанов, Ә.Мампаев және Р.Ізтілеуов қабылдауларын өткізді.
Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан қаланың коммуналдық саласына және тағы басқа мәселелер көтерілді:
– Сағымбаев көшесінің бойына қосымша аялдама орнату;
– «Ақсуат» және «Ақжарма» ауылдық округтеріндегі аяқ су, жол және электр желілерін тарту;
– Мемлекет тарапынан берілетін қолжетімді баспана алу;
– «Саяхат» тұрғын ауданындағы Саяхат №16 көшесін асфальттау және кешкі жарық шамдарын орнату мәселесі.
Тұрғындардың өтініштері тыңдалып, депутаттар тарапынан құзырлы органдарға депутаттық сауалдар жолданып, мәселелердің шешілуіне жұмыс жасалатындығы жеткізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-orda/press/news/details/1176744?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау