2026 жылғы 15 қаңтар мен 15 ақпан аралығында Екібастұз қаласы Білім бөлімінің оқу орындары арасында Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес Әскері Шектеулі Контингентінің шығарылуының 37 жылдығына арналған әскери-патриоттық жұмыс айлығы өткізіледі.
Осы кезеңде білім беру ұйымдарында әртүрлі әскери-патриоттық және спорттық іс-шаралар өткізілді. Екібастұз өңірінің барлық мектептерінде 1979-1989 жылдардағы Ауған соғысының қатысушыларымен кездесулер ұйымдастырылып, өткізілді. Аталған кездесулерде соғыс ардагерлері әскери дәуірдің күнделікті өмірі мен әскери қызметі туралы айтып, мектеп оқушыларының сұрақтарына жауап берді. Қаланың құрметті тұрғындарын, тыл және еңбек ардагерлерін және қалалық мәслихат депутаттарын шақыру арқылы түрлі әскери-спорттық жарыстар өткізілді.
Барлық іс-шаралар Білім бөлімімен ұйымдастырылып, қалалық Ауған соғысы ардагерлері кеңесімен, әкімдіктің ішкі саясат бөлімінің Жастар бастамаларын дамыту орталығымен және Екібастұз қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен бірлесіп өткізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ekibastuz-goo/press/news/details/1176568?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау