8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Комитеттің ерлер қауымы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық амандығын қамтамасыз етуге күн сайын зор үлес қосып жүрген әйелдерге шынайы алғысын білдіреді.
Бүгінде Комитеттің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі жүйесінде, оның аумақтық бөлімшелерінде, Ұлттық сараптама орталығында, обаға қарсы станциялар мен зертханаларда он мыңға жуық әйел еңбек етеді. Бұл жалпы қызметкерлер санының 70 пайыздан астамын құрайды. Олардың қатарында түрлі бағыттағы мамандар – дәрігерлер, эпидемиологтар, зертханашылар, сарапшылар бар, олардың көпшілігінің еңбек өтілі 30 жылға жетеді. Қызметті дамытуға қосқан елеулі үлесі, адал еңбегі және жоғары кәсібилігі үшін қызмет жылдары ішінде 14 әйел мемлекеттік наградалармен марапатталып, 902 қызметкер ведомстволық наградаларға ие болды.
Олардың кәсібилігі, жауапкершілігі мен іске деген адалдығының арқасында санитариялық нормалардың сақталуына бақылау қамтамасыз етіліп, жұқпалы аурулардың алдын алу жұмыстары жүргізілуде және азаматтардың денсаулығы қорғалуда. Жоғары жауапкершілікті, төзімділік пен жанқиярлықты талап ететін олардың күнделікті еңбегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау жүйесінің тиімді жұмысының маңызды бөлігі болып табылады.
Сіздерді келе жатқан Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, амандық, кәсіби қызметтеріңізде табыс, шабыт және көктемгі көңіл-күй тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/1176378?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау