Этнос өкілдері – ел болашағына бейжай қарамайды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Байзақ ауданында аудандық штаб мүшелері этнос өкілдерімен мазмұнды кездесу өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты – алдағы референдумның ел дамуы үшін маңызын түсіндіру және азаматтарды белсенді қатысуға шақыру болды.

Штаб мүшелері референдум – халықтың өз таңдауын жасап, елдің болашағына үлес қосатын маңызды саяси науқан екенін атап өтті. Әр азаматтың дауысы елдің ертеңіне әсер ететінін жеткізіп, бірлік пен жауапкершіліктің маңызын түсіндірді.

Кездесу барысында этнос өкілдері де пікірлерін білдіріп, елдегі татулық пен тұрақтылықтың басты құндылық екенін айтты. Олар референдумға қатысу – азаматтық парыз екенін атап өтіп, қоғамды белсенді болуға шақырды.

Осындай кездесулер халықпен ашық диалог орнатуға, референдумның мәнін терең түсіндіруге және ел болашағына бірге жауапкершілікпен қарауға жол ашады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1176203?lang=kk

Exit mobile version