Ақтөбе облысында көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында өңірдегі су қоймаларына кешенді тексеру жүргізілді. Облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов жауапты мекемелермен бірге су тасқынына қарсы дайындық шараларының орындалу барысын бақылап шықты.
Тексеру жұмыстары аясында авиациялық шолу ұйымдастырылып, су қоймаларының су жинау аймақтарына мониторинг жүргізілді. Іс-шараға облыс прокуры, Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы және «Қазсушар» РМК мамандары қатысты.
Тексеру барысында Ақтөбе, Қарғалы және Мағаджан су қоймаларының су жинау аймақтары жергілікті жерде қаралып, әуе кемесінің қатысуымен авиациялық мониторинг жүргізілді. Сонымен қатар Ырғыз ауданы аумағына да әуе шолуы жасалды.
Мамандар гидротехникалық нысандардың техникалық жағдайын, су өткізу жүйелерінің жұмысын, қар жамылғысының деңгейін және өзен арналары мен салаларының жай-күйін бағалады. Тексеру нәтижесінде су тасқынына қарсы атқарылып жатқан жұмыстардың қазіргі таңда қалыпты деңгейде екені атап өтілді.
Жүргізілген жұмыстардың мақсаты – көктемгі кезеңде туындауы мүмкін қауіптердің алдын алып, су тасқыны қаупін азайту және өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-veterinariya/press/news/details/1176732?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау