5-6 наурызда республикалық референдумға дайындық шеңберінде Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Павлодар облысында жұмыс сапарымен болды.
Сапар барысында Екібастұз қаласындағы №539 және №576 референдум учаскелері, сондай-ақ Павлодар қаласындағы №56 және №29 учаскелері тексерілді. Негізгі назар олардың дауыс беруді өткізуге дайындығын бағалауға, сондай-ақ азаматтардың референдумға қатысуына тең әрі кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз етуге аударылды.
Көрсетілген учаскелерде барлық санаттағы азаматтар үшін қажетті жағдайлар жасалған. Ғимараттар пандустармен жабдықталған, дауыс беру үшін арнайы кабина дайындалған, сондай-ақ дауыс беруге арналған бюллетеньдерге Брайль қарпімен трафареттер қарастырылған. Ақпараттық стендтерді орналастыруда мүгедек арбасымен қозғалатын азаматтардың қажеттіліктері ескерілген.
Сонымен қатар, жаңа Конституция жобасының тек мәтіндік нұсқасы ғана емес, қазақ және орыс тілдерінде аудио нұсқасы да қарастырылған, оны көру қабілеті бұзылған азаматтар тыңдай алады.
апар барысында Ақпараттық технологиялар колледжінің базасында құрылған және ОРК ұсынған Оқу сайлау учаскесінің моделіне сәйкес инновациялық элементтермен жабдықталған оқу кабинеті қаралды.
Инпекциялық сапар барысында Нұрлан Әбдіров комиссия мүшелерінің назарына электоралдық процеске қатысатын барлық қатысушылар – дауыс берушілер, байқаушылар және БАҚ өкілдері үшін ғимараттардың қолжетімділігі мен функционалды ыңғайлылығын қамтамасыз ету қажеттігін жеткізді.
Учаскелік референдум комиссиясы мүшелерін оқытудың үшінші кезеңімен танысу жұмыс сапарында жеке қарастырылды. Электоралдық оқыту жұмыстары каскадтық модель бойынша ұйымдастырылған. Аумақтық комиссия мүшелеріне арналған оқытудың бірінші және екінші кезеңдері офлайн және қашықтықтан оқыту форматында өтті. Кейіннен аумақтық комиссиялар учаскелік комиссия төрағалары, төраға орынбасарлары және хатшылары үшін дәрістер өткізді.
сынылған практикалық сабақтар барысында қатысушылар дауыс беру күнгі негізгі әрекеттер алгоритмдерін пысықтады: учаскені ашуға дайындау, бюллетеньдерді беру, ғимараттан тыс дауыс беруді ұйымдастыру, дауыстарды санау және дауыс беру қорытындысы бойынша хаттамаларды рәсімдеу. Орталық референдум комиссияның өкілдері дауыс беруді ұйымдастыру кезінде басты міндет оның ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету болып қалатынын атап өтті.
Сапар аясында мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, аумақтық референдум комиссиясы басшыларымен кеңес өтті. Қатысушылар дауыс беруді өткізуге дайындық және учаскелердің қызметі мәселелерін талқылады. Арнайы назар азаматтардың электоралдық құқықтарын қамтамасыз ету мәселелеріне аударылды.
Аймақта азаматтарды референдум туралы ақпараттандыру жұмысы да жүргізілуде. Қала тұрғындарына референдум туралы ақпарат қамтылған QR-коды бар дербес шақыру билеттері табысталуда.
Ақпарат үшін:
Павлодар облысында 535 референдум комиссиясы жұмылдырылған (14 аумақтық, 521 учаскелік), олардың құрамында 3439 комиссия мүшесі бар.
Республикалық референдумда қатысу құқығы бар азаматтардың саны – 498 733.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/election/press/news/details/1176824?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау