КӨКТЕМ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ҚАРИЯЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Көктемнің шуақты мерекесіне орай Төлеби ауданында ардақты аналар мен ақ жаулықты әжелерге құрмет көрсетілді. Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітқан Ақтаев жасы тоқсаннан асқан әжелердің шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады.
 
Аудан басшысы ақ жаулықты аналардың әрқайсысының өмір жолы өнегеге толы екенін атап өтіп, олар ұрпақ тәрбиелеп, елдің өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан асыл жандар екенін жеткізді. Сондай-ақ, қарияларға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тілеп, жүрекжарды лебізін білдірді.
 
Мереке қарсаңында Сұлтанрабат, Киелітас елді мекендері мен Ленгір қаласында тұратын ардақты аналар – Абдрухманова Балтажан, Раимкулова Замира, Есенова Гүлбазар Махмудқызы және Көбетаева Жаркынкүл аудан әкімінің арнайы құттықтауын қабыл алды.
 
Көпбалалы аналар мен ұлағатты ұстаздар көрсетілген құрмет үшін ризашылықтарын білдіріп, ел бірлігі мен тыныштығы үшін ақ баталарын берді. Мұндай игі шаралар үлкенге құрмет көрсетіп, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің айқын көрінісі болып табылады.
 
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1176736?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version