Баян Сұлтанқызы Искакова — Жамбыл облысы ТЖД Арнайы жұмыс бөлімшесінің бастығы. Ол азаматтық қорғау органдары жүйесінде 2013 жылдан бері қызмет атқарып келеді, ал қазіргі лауазымында 2025 жылдың қараша айынан бастап еңбек етуде. Қызмет жылдары ішінде Баян Сұлтанқызы өзін талапшыл, батыл әрі жауапты қызметкер ретінде көрсете білді. Оның бойындағы мықты мінез, принципшілдігі және байыппен шешім қабылдай білу қабілеті әріптестерінің құрметіне ие. Алайда оның қатал да батыл мінезінің артында мейірімді әрі жанашыр жүрек жатыр. Әріптестері оның адамдарға деген қамқорлығын, түсіністікпен қарап, қиын сәтте қолдау көрсете білетінін ерекше атап өтеді. Кәсібилік, ішкі күш пен адами жылылықтың үйлесімі Баян Сұлтанқызының ұжым арасында зор құрметке ие болуына және азаматтық қорғау жүйесінің дамуына өз үлесін қосуына мүмкіндік беріп келеді.
Жамбыл облысы ТЖД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1176466?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау