Қазақстан өзгерістер қарсаңында: сіздің даусыңыз маңызды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жаңа Конституция бойынша өтетін референдум қарсаңында Шымкент қаласындағы «Визит» АҚ кәсіпорнында еңбек ұжымымен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қатысушыларға жаңа Конституцияның негізгі бағыттары мен оның қоғам өміріндегі маңызы түсіндірілді.

Жиында сөз сөйлеген ақын, А.С. Пушкин атындағы әмбебап кітапхананың қызметкері Сүндет Сейітов Негізгі заңның басты идеясы – мемлекеттің адам үшін қызмет етуі екенін атап өтті.
– Қуатты мемлекет әділ ережелер орныққан, заң бәріне бірдей міндетті болған, еңбек адамы өзін құрметтелген әрі қорғалған сезінетін қоғамнан басталады, – деді спикер.

Кездесуде жаңа Конституцияда әлеуметтік қорғалуды күшейтуге, тұрақтылықты қамтамасыз етуге, бірлік пен еңбекке құрмет қағидаттарын нығайтуға басымдық берілгені айтылды. Өз кезегінде А.С. Пушкин атындағы әмбебап кітапхананың директоры Гүлмира Жанысбекова Негізгі заң өндірісті дамытуға, еңбек құқықтарын қорғауға және экономиканың ұзақмерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етуге берік құқықтық негіз қалыптастыратынын жеткізді.

Іс-шара барысында жаңа Конституцияда елдің одан әрі дамуына негіз болатын идеологиялық және құндылықтық ұстанымдарға ерекше назар аударылғаны атап өтілді.
Кездесу қорытындысында еңбек ұжымы жүргізіліп жатқан реформаларға қолдау білдіріп, референдумға қатысудың маңызын атап өтті. Қатысушылар мұны азаматтық жауапкершіліктің көрінісі әрі құқықтық мемлекетті нығайтуға қосылған үлес ретінде бағалады.

Бүгінде елдің қуаты табиғи ресурстармен ғана емес, азаматтардың білім-білігімен, зияткерлік әлеуетімен және шығармашылық бастамаларымен өлшенеді. Жаңа құжатта Қазақстанның дамуы білім, ғылым, мәдениет және инновациялар секілді төрт негізгі бағытқа сүйенетіні айқындалған. Дәл осы құндылықтар – тұрақты әрі қуатты мемлекеттің берік тірегі.

– Елдің ілгерілеуі әр азаматтың белсенділігіне байланысты. Сіздің даусыңыз – Қазақстанның болашағына қосқан нақты үлес, – деп түйіндеді «Визит» АҚ бас директоры Вельким Злавдинов.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1176348?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version