Сіздерді Халықаралық әйелдер күні — 8 наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке сіздерге деген жылылық, құрмет пен алғысқа толы. Сіздер — аналар, жұбайлар, әпке-қарындастар, қыздар — отбасының берекесін келтіріп, балаларды тәрбиелеп, кәсіби салада табысқа жетіп, қаламыздың дамуына зор үлес қосып келесіздер.
Еліміздің лайықты азаматтарын тәрбиелеп отырған аналарға, даналығы мен өмірлік тәжірибесі үшін аға буын әйелдерге, сондай-ақ бүгінгі күні жауапты қызметтерде еңбек етіп, елге қызмет етіп жүрген жандарға ерекше алғыс айтамыз.
Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, бақыт, амандық және ертеңгі күнге сенім тілеймін. Үйлеріңізде әрдайым сүйіспеншілік, береке мен қуаныш орнасын.
Құрметпен, Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1176749?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау