Аширбаева Алия Манасқызы —ТЖД Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімінің бас маманы. Азаматтық қорғау жүйесінде 2012 жылдың желтоқсан айынан бері қызмет атқарып келеді. Бүгінде оның қызметі Департамент жұмысы үшін стратегиялық маңызға ие. Міндеттеріне ақпараттық жүйелердің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, цифрлық сервистерді дамыту, үздіксіз байланысты қолдау және заманауи технологиялық шешімдерді енгізу кіреді. Ақпараттың жылдам берілуі мен байланыс сенімділігі әрекет ету тиімділігіне тікелей әсер ететін жағдайда, оның бағыты бойынша мамандардың жұмысы бүкіл басқару жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Алия Манасовна — тәжірибе, тәртіп, жауапкершілік және заманауи ойлауды ұштастыра білген маманның үлгісі. Оның цифрлық инфрақұрылымды дамытуға қосқан үлесі азаматтық қорғау органдары жұмысының жеделдігін, ашықтығын және сапасын арттыруға ықпал етуде.
Жамбыл облысы ТЖД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1176333?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау