Екібастұз қаласының білім бөлімі ресурс және магниттік мектептер арасындағы әдістемелік өзара іс-қимылды дамытуға, тиімді тәжірибелерді таратуға және білім сапасын арттыруға бағытталған қалалық семинар өткізді.
Іс-шараға №22 мектептің, Байет, Бесқауға, Қ.Сәтпаев атындағы, Өлеңті және Алғамбаров атындағы мектептердің басшылары мен педагогтері қатысты.
Семинар «Білім берудегі инновациялар: сапаға бастар жол» тақырыбында өтіп, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және тиімді білім беру модельдерін енгізуге бағытталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ekibastuz-goo/press/news/details/1176557?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау