Спорттық гимнастика: 5 отандасымыз Бакудағы әлем кубогының финалына шықты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әзірбайжан астанасы Баку қаласында спорттық гимнастикадан әлем кубогының 2-кезеңі өтіп жатыр.

Кешегі іріктеу нәтижесінде Ұлттық құраманың екі спортшысы өз жаттығуында ТОП 8-ге кіріп, жүлдеге таласуға мүмкіндік алды. Еркін жаттығуда Милад Карими 14.433 ұпай жинап, іріктеуді 1-орында аяқтады. Дмитрий Патанин қос сырық бағдарламасында 8-сатыға тұрақтады (13.266 балл).

Бүгін тұтқалы ат снарядында Зейнолла Ыдрысов іріктеуде 1-орын (14.300 балл), ал Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Курбанов 3-орынмен (14.166 балл) финалға өтті.

Сондай-ақ керме жаттығуында Милад Карими 3-ші (14.433 ұпай), тағы бір тәжірибелі отандасымыз Диас Тойшыбек (13.700 ұпай) 4-ші көрсеткішпен шешуші сынға шықты.

Әйелдер арасында Эвелина Ежова мен Радмила Тарасова қатысты. Алайда олар финалға шыға алмады.

Финал сенбі-жексенбіде өтеді.

Фото: Тұрар ҚАЗАНҒАП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism/press/news/details/1176637?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version