«Салауатты өркен» жобасы аясында Экибастұз қаласындағы «№21 ресурстық орталық» КМҚК Павлодар облысының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығымен бірлесіп жобалық шеберхана өтті. Шара «STEAM-білім беру, робототехника және жасанды интеллект: жобалық қызмет – болашақ құзыреттерін қалыптастыру құралы» тақырыбында ұйымдастырылды. Балабақша педагогтары STEАM-технологияларды, робототехниканы және жасанды интеллектті оқу-тәрбие үдерісіне енгізудің инновациялық тәжірибелерін ұсынды. Лабораториялық жұмыстар барысында қатысушылар мектепке дейінгі балалардың зерттеушілік ойлауын, танымдық белсенділігін және шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдарын талқылады. Жобалық шеберхана тәжірибе алмасу мен кәсіби тұжырымдар жасауға арналған маңызды алаңға айналды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ekibastuz-goo/press/news/details/1176610?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау