Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы №10 өрт сөндіру бөлімінде тыныс алуға жарамсыз ортада жұмыс істеуге рұқсаты бар қызметкерлермен таза ауада сабақ өткізілді. Жаттығудың мақсаты — жеке құрамның физикалық дайындығын арттыру, төтенше жағдай кезінде жедел әрі дұрыс әрекет ету дағдыларын жетілдіру. Оқу барысында өрт сөндірушілер тактикалық тапсырмаларды орындап, арнайы киім мен құрал-жабдықтарды қолдану тәсілдерін пысықтады. Сонымен қатар бөлімшелердің өзара үйлесімді іс-қимылы нығайтылды. Мұндай дайындықтар қызметкерлердің төзімділігін арттырып, нақты өрт жағдайында тиімді шешім қабылдауға ықпал етеді. Оқу барысында қауіпсіздік талаптары қатаң сақталды.
Жамбыл облысы ТЖД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1176380?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау