Түркістан қалалық мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Түркістан қалалық мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына!

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабына сәйкес сегізінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының кезекті сессиясы 2026 жылғы 18 наурыз күні сағат 11:00-де Түркістан қаласы әкімдігінің мәжіліс залында өтетіндігін назарларыңызға саламын.

Мекен-жайы : Түркістан қаласы, Әмір Темір көшесі №28 ғимарат, Түркістан қаласы әкімдігінің мәжіліс залы. Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 18 наурыз күні сағат 10:30-дан бастап жүргізіледі.

 

Сессияның қарауына мына мәселе ұсынылады.

 

  1. Түркістан қаласы әкімдігінің «құрылыс бөліміне» жүктелген міндеттер мен функциялардың 2025 жылы атқарған жұмыстарының есебі;
  2. Түркістан қаласы әкімдігінің «жер қатынастары бөліміне» жүктелген міндеттер мен функциялардың 2025 жылы атқарған жұмыстарының есебі;
  3. Түркістан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне» жүктелген міндеттер мен функциялардың 2025 жылы атқарған жұмыстарының есебі;
  4. Түркістан қалалық мәслихатының шешімдерінің орындалуы туралы.

 

Келіп түсуіне байланысты басқа мәселелер қаралуы мүмкін.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan-city/press/news/details/1176765?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version