«Жақсылыққа қадам» атты қайырымдылық акциясы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ынталы ауылдық округінде «Жақсылыққа қадам» атты қайырымдылық акциясы өткізілді. Аталған шара ауыл әкімдігі қызметкерлерінің бастамасымен ұйымдастырылып, оның басты мақсаты – қоғамда қайырымдылық пен өзара қамқорлық құндылықтарын насихаттау, әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға көмек көрсету болып табылады.

Акция аясында ауыл әкімдігі қызметкерлері Абай көшесі, 1-үйдің тұрғыны Қалиева Күлсінхан апамыздың шаңырағына арнайы барып, азық-түлік жеткізіп, қажетті көмектер көрсетті. Кездесу барысында қарияға жылы лебіздер айтылып, денсаулығына зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілектері білдірілді.

Осындай игі шаралар ауыл тұрғындары арасында мейірімділік пен жанашырлықты арттырып, қоғамда бірлік пен өзара қолдау мәдениетін нығайтуға ықпал етеді. Ауыл әкімдігі тарапынан алдағы уақытта да мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге бағытталған қайырымдылық іс-шаралары жалғасын табатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-yntaly/press/news/details/1176056?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version