Ұлытау облысы бойынша Еңбек инспекциясы комитетінің департаменті 2026 жылғы 22 ақпанда сағат шамамен 12:00-де Жезқазған – Қызылорда автожолында екі көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алғанын хабарлайды.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Mercedes Sprinter маркалы автокөлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, соның салдарынан Жезқазған қаласындағы «Tranco Express» ЖШС филиалына тиесілі УАЗ маркалы автокөлігімен соқтығысқан.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер медициналық мекемеге жеткізілді. Көлік құралдары механикалық зақым алған.
Аталған факт бойынша Ұлытау облысы бойынша Еңбек инспекциясы комитетінің департаменті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес арнайы тергеп-тексеру жүргізілуде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-enbek/press/news/details/1175954?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау