ӘЙЕЛ – ҚОҒАМНЫҢ ҚУАТЫ, ӨМІРДІҢ ШУАҒЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні әйелдердің қоғамдағы рөлі мен еңбегін айшықтайтын маңызды мереке. Бүгінде әйелдер тек отбасының ұйытқысы ғана емес, сонымен қатар қоғамның түрлі саласында белсенді еңбек етіп, ел дамуына зор үлес қосып келеді.
Қазіргі таңда Түркістан қаласының халқы 300 мыңнан астам адамды құрайды. Оның 156 мыңнан астамы әйелдер, яғни қала тұрғындарының жартысынан көбі нәзік жандылар.
Түркістан қаласының дамуы мен өркендеуінде әйелдердің еңбегі мен үлесі айрықша. Олардың парасаты, мейірімі мен қажырлы еңбегі – қоғам тұрақтылығы мен болашақтың берік негізі.
Түркістандық әйелдер білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, мемлекеттік қызмет, мәдениет, спорт және қоғамдық салаларда табысты еңбек етіп, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосуда. Сонымен қатар олар отбасының берекесін сақтап, жас ұрпақтың тәрбиесіне ерекше жауапкершілікпен қарап келеді.
Қалада әйелдердің кәсіби дамуына, кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға және ана мен баланы қорғауға бағытталған түрлі мемлекеттік бағдарламалар мен әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1176891?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version