Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов және қаланың медициналық ұйымдарының директорлары әйелдерді келе жатқан 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.
Қызметкер әйелдерге олардың кәсібилігі, жанқияр еңбегі және денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіріліп, жылы лебіздер айтылды.
Іс-шара мерекелік әрі жылы атмосферада өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, олардың маңызды да жауапты еңбегіне деген құрмет пен ризашылықты сезіндірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-densaulyk/press/news/details/1177015?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау