Көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Отырар ауданында дәстүрлі шаралар жалғасын тапты. Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы мен аудандық мәслихат төрағасы Уәлихан Ұзақов көпті көрген қарт аналар мен «Алтын алқа» иегерлерінің шаңырақтарына барып, мерекелік қуаныш сыйлады.
Аудан басшылары қоғам мен ауданның дамуына үлес қосқан ақ жаулықты аналарға құрмет көрсетті. Шара барысында әр анамен жеке кездесу ұйымдастырылып, олардың өмірлік тәжірибесі мен өнегесі бағаланды. Батыр аналарға арнайы сый-сияпаттар мен гүл шоқтары табыс етіліп, олардың иығына ақ орамал жабылды.
Бұл шара әр шаңырақта мерекелік шаттық орнатып, аналарға деген құрмет пен алғыстың көрінісіне айналды. Қарт аналар өз ризашылығын білдіріп, ауданның дамуына тілектестік пен батасын жолдады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-timur/press/news/details/1177018?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау