27 наурыз күні Шымкент қаласы «Қызғалдақ сарайында» Digital Qazaqstan 2026 халықаралық форумы өтеді. Бұл — технологиялардың, инновациялар мен Индустрия 5.0 дәуірінің басты эпицентрі.
Digital Qazaqstan-да бізді не күтіп тұр?
• Digital Qazaqstan Battle: Стартаптардың басты шайқасы.
Жеңімпаз команда 10 000 000 теңге, 2-орын — 5 000 000 теңге, 3-орын — 3 000 000 теңге ұтып алады.
• Пленарлық отырыс: ЕАЭС елдерінің 5 Премьер-министрінің қатысуымен өтетін жоғары деңгейдегі жиын.
• Робототехника зонасы: Роботтар боксы, ИИ-дрондар шоуы, дрон-соккер және адамның қимылын қайталайтын Аватар-роботтар.
• Экспо-көрме: Стартаптар аллеясы мен Industry 5.0 шешімдерінің ауқымды экспозициясы.
• Digital Qazaqstan Awards: Үздік цифрлық жобалар мен ИИ-стартаптарды салтанатты марапаттау рәсімі.
Билеттерді ресми сайттан алуға болады:
digitalqazaqstan.kz/ru/
#digitalqazaqstan #digital #it #форум #шымкент
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1176889?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау