Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті.
Мемлекет басшысының жарлығымен мерекеге орай Агенттіктің және Мемлекеттік басқару академиясының қызметшілері мемлекеттік наградалармен, сондай-ақ Агенттік төрағасының грамотасы, алғыс хаттарымен марапатталды.
Агенттік төрағасы Дархан Жазықбай құттықтау сөзінде әйелдердің қоғамдағы, отбасындағы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтегі айрықша рөліне тоқталып, олардың кәсібилігі мен жоғары жауапкершілігін ерекше атап өтті.
Айта кету керек, бүгінде еліміздегі мемлекеттік қызметшілердің 56 пайызын әйелдер қауымы құрайды. Оның ішінде, басшылық лауазымдағы әйелдердің үлесі 39 пайыз. Қазір Агенттік қызметшілерінің 51 пайызы, Мемлекеттік басқару академиясы қызметшілерінің 67% пайызы әйел азаматтар. Былтырғы жылмен салыстырғанда әйел адамдардың үлес салмағының артуы байқалады.
Мерекелік іс-шара «Жастар театрының» «Жанарымдағы жалғыз әуен» қойылымын тамашалаумен жалғасты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/1176904?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау