Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Е.С. Саденовтің тапсырмасына сәйкес Қаскелең қаласында тергеу қызметін жетілдіру мәселелері бойынша кустық семинар-кеңес өтті.
2026 жылғы 19 ақпанда Қаскелең қаласында Алматы облысы Полиция департаменті базасында тергеу және анықтау органдарының, әскери-тергеу және криминалистикалық бөлімшелердің, сондай-ақ заң қызметтерінің қызметін жетілдіруге арналған кустық семинар-кеңес ұйымдастырылды.
Іс-шараға Алматы облысы, Жетісу облысы және Алматы қаласы полиция қызметкерлері қатысып, тергеу тәжірибесіндегі өзекті мәселелерді кешенді әрі өңіраралық форматта талқылауға мүмкіндік жасалды.
Кеңес жұмысына тергеу бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлері, әскери-тергеу органдарының және заң қызметтерінің өкілдері қатысты.
Жиын барысында ағымдағы жылдың қаңтар айындағы тергеу бөлімшелерінің қызмет қорытындылары шығарылып, Ішкі істер министрлігінің негізгі директивалары жеткізілді. Сонымен қатар қолданыстағы заңнаманың жаңа нормаларын қолдану талаптары түсіндірілді. Конституция жобасындағы жаңашылдықтарға, қылмыстық заңнаманы оңтайландыру мәселелеріне және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағыттарына ерекше назар аударылды.
Қаңтар айының қорытындысы бойынша үздік қызметкерлерді марапаттау рәсімі өткізілді. Іс-шара аумақтық бөлімшелер басшыларын тыңдаумен аяқталып, жеке жауапкершілікке, қызметтік тәртіпті нығайтуға және тергеу тиімділігін арттыруға басымдық берілді.
Өткізілген семинар-кеңес өңірдегі тергеу жұмысының сапасын арттыруға, бірыңғай тәсілдерді қалыптастыруға және ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған маңызды алаңға айналды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1176938?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау