Қазақстан Сыртқы істер министрі Православ шіркеуінің басшысын қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана, 2026 жылғы 6 наурыз – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Қазақстан Православ шіркеуінің басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александрды қабылдады. 

Кездесу барысында конфессияаралық бейбітшілікті нығайту, қоғамдық келісімді сақтау және рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу мәселелері талқыланды. Қазақстандағы Православ шіркеуінің қоғамдағы өзара құрмет, төзімділік және тұрақтылық ахуалын қолдауға қосып отырған үлесі аталып өтті.

Тараптар конфессияаралық диалогты ілгерілету, сондай-ақ елдегі бейбітшілік пен келісімді нығайту мақсатында мемлекеттік органдар мен діни бірлестіктер арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту маңызды екенін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1176895?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version