Шерзод Давлатов – Аустриядағы Гран-придің қола жүлдегері

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аустрияның Линц қаласында басталған дзюдодан Гран-при турнирінде Қазақстан командасының қоржынына алғашқы жүлде түсті.

Ерлер арасында -60 кг салмақтың кіші финалында екі отандасымыз Шерзод Давлатов пен Аман Бақытжан кездесті. Бұл белдесудің ортасында Давлатов таза жеңіске жетті.

Айта кетейік, күндізгі сессияда Шерзод жартылай финалға жетіп, украиналық Дильшод Халматовқа жол берді. Ал Аман Бақытжан ширек финалда сүрініп, жұбаныш кезеңінде Мурад Мурадлидің (Әзірбайжан) осал тұсын тапты.

Бірнеше сәттер бұрын Абиба Абужақынова (-48 кг) қола жүлдеге таласта, Нидерланд дзюдошысынан жеңіліп қалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1176921?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version