БҮГІН МЕЙІРІМ МЕН СҰЛУЛЫҚТЫҢ МЕРЕКЕСІ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Құрметті Мақтаарал ауданының ардақты аналары, аяулы әжелер, қадірлі қыз-келіншектер!
Сіздерді көктемнің ең көркем әрі жүрекке жылу сыйлайтын мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – мейірім мен сұлулықтың, нәзіктік пен ізгіліктің мерекесі. Әйел заты қашанда отбасының берекесі мен бірлігінің ұйытқысы, ұрпақ тәрбиесінің негізі, қоғамның тірегі болып келеді. Сіздердің парасат-пайымдарыңыз, төзімділіктеріңіз бен еңбекқорлықтарыңыз әр шаңырақтың шаттығын арттырып, еліміздің өсіп-өркендеуіне үлкен үлес қосып отыр.
Бүгінде Мақтаарал ауданында нәзік жандылар білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және мемлекеттік қызмет салаларында абыройлы еңбек етіп, ауданымыздың дамуына елеулі үлес қосуда. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз, жауапкершіліктеріңіз бен өмірге деген сүйіспеншіліктеріңіз қоғамымыздың алға басуына серпін беріп келеді.
Әсіресе, аналардың орны ерекше. Ана – өмірдің бастауы, мейірім мен шапағаттың қайнар көзі. Ана тәрбиесі – ұлт тәрбиесі. Сондықтан да сіздердің отбасындағы, қоғамдағы рөлдеріңіз әрдайым жоғары бағаланады.
Осы мерекелі күні баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін. Әр шаңырақта шаттық пен қуаныш мол болып, жүздеріңізден күлкі кетпесін. Көктемнің шуақты күндері сіздерге тек жақсылық пен қуаныш сыйласын!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Құрметпен,
Асанов Бақыт Насырханұлы
Мақтаарал ауданының әкімі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-maktaaral/press/news/details/1177068?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version