ТЕМІРЛАНДА МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ТЕАТР ӨНЕРІНІҢ ӘСЕРЛІ КЕШІ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан орталығы Темірландағы аудандық Мәдениет үйінде тұрғындарға ерекше рухани әсер сыйлаған мәдени кеш ұйымдастырылды.

Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермендер театрының өнер ұжымы жергілікті көрермендерге қазақ әдебиетіндегі көрнекті шығармалардың бірі – «Гауһартас» желісі бойынша сахналанған қойылымды ұсынды.

Қойылым барысында адамгершілік, адалдық, махаббат пен отбасы құндылықтары терең бейнеленіп, актерлердің кәсіби шеберлігі мен шынайы ойыны көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Ілияс Тұрнияз қатысып, өнер ұжымына аудан тұрғындары атынан алғыс білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.

Кеш соңында қойылымды тамашалаған ауыл тұрғындары театр әртістеріне ризашылықтарын жеткізіп, мұндай мәдени кездесулер өңірдің рухани өмірін байыта түсетінін атап өтті.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1177043?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version