Кездесудің негізгі мақсаты – қызметтік ортада тең құқық қағидаттарын кеңінен насихаттау, әйел қызметкерлердің кәсіби өсуіне қолдау көрсету және олардың ішкі әлеуетін ашуға ықпал ету болды.
Іс-шараның құрметті қонағы ретінде қалалық мәслихат депутаты Шолпан Молдағалиева шақырылды. Ол қатысушылармен еркін форматта әңгімелесіп, өзінің өмірлік және кәсіби тәжірибесімен бөлісті. Депутат қоғамдағы әйелдердің белсенді азаматтық ұстанымының маңыздылығына тоқталып, табысты мансап пен қоғамдық қызметтің үйлесімділігін сақтаудағы басты қағидаларға назар аударды. Сонымен қатар ол әйелдерге кәсіби дамуда батыл қадам жасап, өз мүмкіндіктеріне сену қажеттігін атап өтті.
Іс-шараның практикалық бөлігінде Полиция департаментінің инспектор-психологтары «Армандар картасы» атты тренинг өткізді. Бұл сабақ қатысушылардың мақсат қою дағдыларын дамытуға, жеке және кәсіби бағдарларын нақтылауға, сондай-ақ болашаққа деген сенімді көзқарасын қалыптастыруға бағытталды.
Жаттығу барысында ашық пікір алмасу, тәжірибе бөлісу және бір-бірін қолдау атмосферасы қалыптасты. Қатысушылар мұндай практикалық сабақтардың өз-өзіне сенімділікті арттыруға, болашаққа нақты жоспар құруға және қызметтік міндеттерді тиімді орындауға үлкен көмегін тигізетінін атап өтті.
Іс-шара қорытындысында ұйымдастырушылар гендерлік теңдік қағидаттарын дамыту, әйелдердің кәсіби өсуіне жағдай жасау және ұжым ішінде қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.
Осындай мазмұнды кездесулер қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін арттырып қана қоймай, олардың тұлғалық дамуына, мақсаттарын айқындауына және қоғамдағы өз орнын нық қалыптастыруына мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1177133?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау