Аягөз қаласында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатқан кешкі кезекшілік барысында адамгершілік пен жанашырлықтың жарқын үлгісіне айналды.
Кешкі сағат 17:20 шамасында Аягөз қаласындағы Бульвар-Абай көшесінде патрульдеу барысында полиция қызметкерлері Теміржол бекетіне қарай асығып бара жатқан, қолындағы ауыр жүк сөмкелерін көтере алмай, пойызға үлгермей қалу қаупі туындаған қарияны байқап қалады.
Полиция капитаны Ақылбаев Абай өз сөзінде:
«Полиция қызметінің негізгі мақсаты – тек құқық бұзушылықтың алдын алу емес, сонымен қатар азаматтарға қиын жағдайда көмек көрсету. Әсіресе үлкен кісілерге қамқорлық таныту – біздің адамдық әрі қызметтік борышымыз», – деп атап өтті.
Ал полиция аға лейтенанты Оралгазинов Ерасыл:
«Күнделікті қызмет барысында түрлі жағдайлар кездеседі. Осындай сәттерде азаматтарға дер кезінде қолдау көрсету – біздің міндетіміз. Бұл – полиция мен халық арасындағы сенімді нығайтатын маңызды іс», – деді.
Өз кезегінде көмектің игілігін көрген қала тұрғыны полиция қызметкерлеріне шынайы ризашылығын білдірді:
«Балаларымдай болып көмектескендеріңізге көп рақмет. Сөмкелерім өте ауыр еді, өзім көтере алмай тұрдым. Егер сіздер болмағанда, пойызға үлгермей қалуым мүмкін еді. Осындай жанашыр полиция қызметкерлері бар екеніне қуанып тұрмын», – деп алғысын жеткізді.
Бұл оқиға – полиция қызметкерлерінің кәсібилігімен қатар, адамгершілік қасиеттерінің де жоғары екенін көрсететін үлгілі жағдайлардың бірі. Қоғамдық тәртіпті сақтай отырып, халыққа жанашырлық таныту – құқық қорғау органдары қызметінің маңызды бөлігі болып қала береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1177125?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау