Маңғыстаулық қос дзюдошы Антальядағы Еуропа кубогында жүлде алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Түркияның Анталья қаласында өткен кадеттер арасындағы Еуропа кубогында маңғыстаулық дзюдошылар жеңіс тұғырынан көрінді

60 келі салмақ дәрежесінде татамиге шыққан Ғабит Расулхан күміс медальға ие болды. Ал +90 келі салмақта белдескен Ердәулет Жұмабай қола жүлдегер атанды.
Спортшылар байрақты бәсекеде әр ұпай үшін барын салып күресті. Белдесу барысында спортшылар төзімділік танытып, қарсыластарының қателерін тиімді пайдалана білді.
Халықаралық турнирге Еуропа мен Азияның бірнеше елінен татами шеберлері қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Балуандарымыз кіл мықтының арасында лайықты күресті. Олардың бұл жүлдесі біз үшін үлкен жетістік. Жасөспірім дзюдошыларымызды шыңдап жүрген облысымыздағы аға жаттықтырушылар Бағдат Ерғазы, Айтқали Мусаев және Анна Казюлинаның еңбегі зор. Сонымен қатар, балуандарымызды бәйгеге қосып жүрген жеке бапкерлердің де үлесі елеулі. Осы азаматтардың қажырлы еңбегінің нәтижесінде талантты спортшыларымыз жүлделі болып отыр, – деді Маңғыстау облыстық дзюдо федерациясының президенті Айбек Имашев.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-uvp/press/news/details/1177157?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version