“Қауіпсіз көше”: Абай облысында 268 құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қоғамдық тәртіпті нығайту, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және жол қозғалысына қатысушылардың жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру мақсатында Абай облысы аумағында 3–5 наурыз аралығында «Қауіпсіз көше» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Аталған іс-шара жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактілерін анықтау, сондай-ақ жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын күшейтуге бағытталған. Іс-шара барысында патрульдік полиция қызметкерлері тәулік бойы күшейтілген режимде қызмет атқарып, көшелер мен жолдарда бақылауды арттыруда.

Жол қозғалысы қауіпсіздігі – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Осыған байланысты полиция қызметкерлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол қозғалысы мәдениетін сақтау, жолдағы тәртіп пен өзара құрмет қағидаларын ұстану қажеттігін үнемі еске салуда. Профилактикалық рейдтер барысында азаматтарға жол қозғалысы ережелерін түсіндіру, қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы ақпараттық жадынамалар тарату жұмыстары да жүргізілуде.

Іс-шараның алғашқы екі күнінің қорытындысы бойынша 268 құқық бұзушылық анықталып, жолы кесілді.
Атап айтқанда:

қарсы бағыттағы жолаққа шығудың – 4 дерегі;
жаяу жүргіншілерге жол бермеудің – 18 дерегі;
көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарудың – 1 дерегі тіркелді.

Ереже бұзушылықтар дронның көмегімен де анықталуда. Аталған құқық бұзушылықтардың әрқайсысы жол қозғалысының барлық қатысушылары үшін айтарлықтай қауіп төндіретіні белгілі. Әсіресе мас күйінде көлік басқару немесе қарсы жолаққа шығу секілді өрескел әрекеттер ауыр жол-көлік оқиғаларына әкелуі мүмкін. Осыған байланысты полиция қызметкерлері мұндай фактілердің алдын алу және жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруда.

Абай облысы Полиция департаменті барлық жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Әрбір жүргізуші жолда мұқият болып, жылдамдық режимін сақтауы, жаяу жүргіншілер өткелдерінде адамдарға жол беруі тиіс. Ал жаяу жүргіншілер белгіленген орындардан өтіп, жолда абай болуға міндетті.

Жолдағы қауіпсіздік – баршамыздың ортақ мәдениетіміз бен жауапкершілігіміздің көрсеткіші. Сондықтан жолда тәртіп сақтау, бір-бірімізге құрметпен қарау және қауіпсіздік талаптарын орындау арқылы ғана біз қауіпсіз әрі жайлы қоғам қалыптастыра аламыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1177127?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version