⚜️ Жарлыөзек ауылдық округінде Бозтоған ауылының Мәдениет үйінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік іс-шара жоғары деңгейде аталып өтті.
Мерекелік шараға ауылымыздың ардақты әжелері мен асыл аналары қатысып, салтанатты жиынның қадірлі қонақтары болды. Ақ жаулықты аналарымыз бен нәзік жандыларға құрмет көретілді.
Округ әкімі Самат Таңатарұлы барша әйелдер қауымын көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, жүрекжарды жылы лебізін білдірді. Өз сөзінде аналардың мейірімі мен еңбегінің өлшеусіз екенін атап өтіп, отбасының берекесі мен бірлігінің тірегі – әйел заты екенін ерекше жеткізді.
Шара барысында көп жылғы адал еңбектері мен ауылдың қоғамдық өміріне қосқан үлестері үшін аналарымыз Алғыс хаттармен және арнайы сый-сияпаттармен марапатталды.
Мерекелік жиын концерттік бағдарламаға ұласып, ауыл өнерпаздары ән шырқап, би билеп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Кеш барысында аналарға гүлдер тарту етіліп, ізгі тілектер айтылды.
🌷🌷🌷Барша әйелдер қауымын көктемнің шуақты мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!🌷🌷🌷
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-koksu-zharlyozek/press/news/details/1177316?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау