Мереке құрметіне қоғамдық көліктерде әйелдер тегін қатынауда.
Бұл игі бастамаға жолаушылар ризашылықтарын білдіріп, бір-бірін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап жатыр.
Еске салайық, бүгін мерекеге орай қыз-келіншектер, аналар мен әжелер №1, 2, 3, 4, 4М, 5, 6, 7, 8, 9 және 12 бағыттағы автобустарда ақысыз қатынайды.
Қоғамдық көліктер кесте бойынша кешкі 21:00-ге дейін жолаушыларға қызмет көрсетеді.
Көктемнің шуақты мерекесі құтты болсын!
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1177459?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау