08.03.2026 күні ауылымызда ұлдар мен қыздар арасында өткен “Nildi Volleybol Ligasy” волейбол лигасының марапаттау кеші ұйымдастырылды. Екі айға созылған тартысты жарыстың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар мен жүлдегер командалар салтанатты түрде марапатталды.
🏐 Ұлдар лигасының 2026 жылғы жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
🥇 1 орын — Шабанбай
🥈 2 орын — Мектеп (оқушылар)
🥉 3 орын — Алға
🏐 Қыздар лигасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
🥇 1 орын — Еркіндік
🥈 2 орын — Өспен-1
🥉 3 орын — Өспен-2
Биылғы жарыстың жоғары деңгейде өтуіне демеушілік көрсеткен азаматтар — Қоныров Жандос Кеңесұлы, Оразбаев Еділ Оспанұлы және Бағлан Аянұлына алғысымыз шексіз!
Сонымен қатар, марапаттау кешінің жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтуіне атсалысқан мәдениет үйінің ұжымына, сондай-ақ Тажентаев Ермек, Ноян Мирас және Шырқа Ағыбайға мың алғыс білдіреміз. @shurka_agybai @noyan___m.e
Жәнеде жарыстың ұйымдастырылуына қолдау көрсеткені үшін жеке ризашылығымызды “Amanat” партиясының Шет аудандық филиалының төрағасы @badanov_bauyrzhan ағамызға білдіреміз.
Осындай спорттық іс-шаралар ауыл жастарын бірлікке, достыққа және салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелейді.
Қатысқан барлық командаларға алдағы жарыстарда сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-uspen/press/news/details/1178141?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау