Біріңғай профилактикалық күнді өткізу аясында құқықтық тәртіпті нығайту, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Абай облысы Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының басшылық құрамы кешенді профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырды. Аталған іс-шара барысында ішкі істер органдарының түрлі санаттағы профилактикалық есептерінде тұрған тұлғалардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексеру жұмыстары жүргізілді.
Жалпы алғанда, біріңғай профилактикалық күн шеңберінде есепте тұрған 315 тұлға тұрғылықты жерлері бойынша тексеріліп, олармен жеке профилактикалық әңгімелер өткізілді. Кездесулер барысында құқық бұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермеу, сондай-ақ азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері әрбір азаматқа заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын атап өтіп, олардың қоғамдағы жауапкершілігіне назар аударды.
Жүргізілген профилактикалық шаралар азаматтарды заң талаптарын сақтауға ынталандыруға, құқық бұзушылықтың алдын алуға және қоғамдағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1177968?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау