2025 жылғы 8 қыркүйектегі Президент Жолдауы еліміздің алдағы даму бағыттарын белгілеуде аймақтық даму мәселесіне айрықша көңіл бөлінді. Жолдауда цифрлық трансформация мен жасанды интеллектті енгізу арқылы өңірлерді жаңа экономикалық белесте дамыту міндеттері айқын көрсетілді. Бұл бастамалар аймақтарға инвестиция тартуды күшейтіп, салаларды инновациялық тұрғыдан жаңғыртуға бағытталған маңызды қадамдар қатарында ұсынылды. Бұл бастама өңірлік орталықтарды дамыту арқылы елдің экономикалық потенциалын теңшеу мен шоғырлануды жеңілдетуді мақсат етеді. Сонымен қатар аймақтарда инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру, цифрлық технологияларды кеңінен енгізу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен транспорт логистикасын дамыту арқылы жергілікті экономика мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыру көзделген. Бұл — өңірлердің өзіндік әлеуетін іске қосып, ұлттық деңгейде бәсекеге қабілеттілікті арттырудың тиімді жолы. Қорыта айтқанда, 2025 жылғы Жолдау аймақтық дамуды елдің барлық бөлігінде сапалы өзгерістер жасауға бағыттайды. Бұл бастамалар өңірлердің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып, Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыруға өз үлесін қосады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-batyk/press/news/details/1177579?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау