АРЫС ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ХХХХIV СЕССИЯСЫ ӨТТІ
2026 жылы 10 наурыз күні сегізінші шақырылымдағы Арыс қалалық мәслихатының кезекті қырық төртінші сессиясы өтті. Сегізінші шақырылымдағы қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының жұмысына қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаев, қалалық әкімдіктің дербес бөлім басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессия жұмысын қалалық мәслихат төрағасы Қ.Ахметов жүргізді. Сессияның күн тәртібінде 13 маңызды мәселе қаралды. Атап айтқанда, Арыс қаласының ауыл шаруашылық бөлімі, Кәсіпкерлік бөлімі, Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, Арыс қаласында мемлекеттік жастар саясатының іске асырылу барысы бойынша қалалық жергілікті атқарушы органының атқарған жұмыстары туралы Ішкі саясат бөлімі және қалалық жергілікті атқарушы органының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылу қорытындылары туралы Жер қатынастары бөлімі басшыларының есептері тыңдалды.
Депутаттар мемлекеттік орган басшыларының есептері бойынша шешім жобаларына жұмысты одан әрі жандандыру туралы өз ұсыныстарын енгізді.
Сессия барысында 2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджетке өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды.
Бұдан бөлек, Арыс қаласы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерге келісім берілді және қала әкімдігі жанындағы бірқатар комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізіліп, тиісті шешімдер қабылданды.
Сонымен қатар, Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға қатысты: шегіртке мен шіркейдің көбеюіне жол бермеу және оларды жою жөніндегі атқарылып жатқан жұмыстар бойынша Арыс қаласы әкімдігі мәлімет берді.
Жалпы, сессия жұмысында қаралған мәселелер бойынша мәслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдады. Өз кезегінде мәслихат төрағасы Қ.Ахметов сессия жұмысын қорытындылап, мәслихат жұмысына табыс тілеп, халық қалаулыларына алғыс білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/arys-maslihat/press/news/details/1178155?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау